Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша үздік елдердің топ-10 кірді

Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша үздік елдердің топ-10 кірді

Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемнің үздік елдерінің ондығында. Мұндай мәліметтерді БҰҰ келтірді, деп хабарлайды Energyprom.kz. Online Service Index онлайн мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайды. Бұл ретте көрсеткіш олардың спектрін ғана емес, сонымен қатар өтінімдер беру мен қорытынды нәтижелер алуды қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен азаматтардың электрондық форматта өзара іс-қимылының толықтығын көрсетеді. ТМД және Орталық Азия елдері арасында ең жоғары нәтиже Арменияға тиесілі. Ол 53-орынға жайғасты. Кейін Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан келеді. Ал рейтингте Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан аталған тізімде 24-орында  тұрақтаған. Онлайн-мемлекеттік қызметтерді алу үшін қазақстандықтар жыл сайын Егов платформасына 40 млн рет жүгінеді.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?