Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл ретте шикізаттық емес секторға салынған қаражаттың үлесі 20%-ке артқан. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіне тартылған қаражат көлемі де арта түскен.
Атап айтқанда, тек соңғы 5 жылда ол 1,5 есеге өсті. Өз кезегінде бүгінде шикізаттық емес секторларды одан әрі дамытып, инвестиция тарту мақсатында мемлекет тарапынан кешенді шаралар қолға алынып келеді. Елімізде бірінші кезекте жалпы құны 28 трлн теңгені құрайтын 870 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның 280-і биыл пайдалануға берілмек.