Қашағанда мұнай өндіру қалпына келді

Қашағанда мұнай өндіру қалпына келді

Қашағанда тәулігіне 100 мың баррельге жуық мұнай өндіріледі. Жақында кен орнындағы төтенше жағдайдан кейін кен орнындағы жұмыс қайта жанданды. Бұл туралы еліміздің Энергетика министрлігі хабарлады. Еске салайық, 3 тамызда «Болашақ» зауытында газды тарату датчиктері істен шығып, одан кейін шикізат дайындауға арналған барлық қондырғылар уақытша тоқтатылды. Айта кетейік, жыл басынан бері Қашағанда 7 миллион тоннадан астам мұнай мен 4,5 миллиард текше метрге жуық ілеспе газ өндірілді.