Қазақстан мен Түркия құны 3,9 млрд доллар болатын 50 жобаны жүзеге асыруда

Қазақстан мен Түркия құны 3,9 млрд доллар болатын 50 жобаны жүзеге асыруда

Қазақстан мен Түркия 50 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың жалпы құны 4 млрд долларға жуықтайды. Бұған дейін де қос тарап шамамен осы сомада 100 тарта бірлескен жобаны іске қосты. Негізінен құрылыс, өнеркәсіп, металлургия, АӨК, көлік және логистика, фармацевтика салалары қамтылды. Қазақстан бірге жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік платформалар мен мемлекеттік қолдау құралдарын ұсынуға дайын. Бұл жөнінде елдердің Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында айтылды. Өзара алыс-беріс әлеуеті де артып келеді. Былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалы 35% артқан. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 4 млн тоннадан асты. Ортақ басымдық – Орта дәлізді дамыту. Бұл ретте осы бағытта инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және тарифтік саясатты үйлестіру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.  Қабылданған ортақ шаралардың нәтижесінде бұл бағыт бойынша жүк ағыны 7 жылда 5 есеге өсті. Жиын қорытындысы бойынша түрлі саладағы нақты шараларды іске асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша  екіжақты тауар айналымы 9% өсті. Экспорт көлемі 17% астам өсіп, 3,9 млрд долларға жетті. Түркі тарапымен бірлесіп отандық экспортты әртараптандыруға, оны шикізаттан қосылған құны жоғары өнімге ауыстыруға ниеттіміз. Біздің бұл мақсатқа жету үшін барлық мұмкіндіктеріміз бар және қажетті күш-жігерімізді салуға дайынбыз.

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Соңғы жылдары біз Түркия тарапымен Түркия капиталының қатысуымен 400 млн АҚШ долларын құрайтын 10 астам инвестициялық жобаны іске асырдық. Бұл негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны өңдеу, сонымен қатар кондитерлік өнімдерді шығару бағытында атқарылған жобалар болатын. Қазіргі таңда біз құны 1 млрд АҚШ долларынан асатын 5 ірі инвестициялық жобаны іске асырудамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?