Қазақстан мен Словения Президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды

Қазақстан мен Словения Президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді. Қазір Орталық арқылы тартылған инвестиция көлемі 14,4 миллиард долларға жетті. Мұнда 80-нен астам елден 3 700-ге жуық компания тіркелген. Мемлекет басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – орталық Сотының, сондай-ақ, Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды. Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеттің ерекшеліктері таныстырылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?