Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы 28% өсті

Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тауар айналым көлемі шамамен 30%-ке жуық өсті. Биылғы жылдың сегіз айында көрсеткіш 1 миллиард 45 миллион долларды құрады. Бұл ретте эспорттың үлесі басым екенін айта кеткен жөн. Оның ауқымы  АҚШ валютасымен есептегенде бір жарым миллиардқа жуық соманы құрады. Ал  48 миллион доллар импортқа тиесілі. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәлімдеуінше, Румыния Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Бүгінде одақ елдерімен өзара сауда биылғы жылы 43%-ке артып, 26 миллиард доллардан асты. ЕО-дан отандық тауарлар экспорты екі есеге өсіп, 22 миллиард доллардан асты.