Қарағанды өңірінде Қараменде би Шақаұлының қорамсағы табылды. Абылай ханның замандасы, қара қылды қақ жарған әділ би, ділмәр шешеннен қалған көне жәдігер үш ғасыр бойы ұрпақтарында сақталып келген. Қорамсақтың шебер қолдан шыққаны көрініп тұр. Қалың былғарыдан тігілген. Қайыс ілгегі бар. Бетіне ою-өрнек бедерленген. Түбіне жебе ұштары тесіп кетпес үшін ағаш салған.
Қайрат Байбосынов, Қараменде бидің ұрпағы:
– Ұл болмаған ғой. Сол ұл болмағаннан кейін әжемізде қалып отыр енді бұл. Ол кісі өле-өлгенінше ешкімге бермей сақтаған мұны. Менде болсын деп қаншама кісі таласқан. Қаншама көрмеге, музейге алдыртқысы келген екен. Негізі кісесі болған. Оны ұрлатып алған енді.