Қазақстан мен Өзбекстанның қарулы күштерінің «Қанжар-2023» бірлескен оқу-жаттығуының екінші кезеңі аяқталды. Маңғыстау өңіріндегі «Оймаша» полигонында арнайы мақсаттағы біріккен тактикалық жасаққа террористік қауіп-қатер туындаған жағдайда бірыңғай алгоритмін әзірлеп, заңсыз қарулы құралымдарды анықтау және олардың көзін жою міндеті қойылды. Шынайы ұрыс жағдайында өткен оқу-жаттығуға жаяу әскер жауынгерлік машиналары, артиллериялық және зениттік кешендер, тікұшақтар, ұшақтар және ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
Еске
салайық, осы айдың басында Өзбекстанда бірінші кезеңде бірлескен компьютерлік командалық-штабтық
дайындықтары пысықталған болатын. Арнайы оқу-жаттығу Орталық Азия өңірінде
әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Бердімұрат Абибуллаев, 25744 Әскери бөлім командирі гвардия подполковнигі:
- Бұл оқу-жаттығудың басты мақсаты ол шекарадағы
заңсыз қаруланған топты бірге іс-қимыл ете отырып, олардың күшін жою және бұл
жерде бір-бірімізбен тәжірибе алмасу болып табылады.