Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты.
2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етілсін:
- оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары үшін, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен аралас форматта оқыту;
- оқу бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70% штаттық режимде, 30% қашықтан (санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту, сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтаумен, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту);
2) меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 25 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру.
Бассейндер мен СПА-орталықтардың жұмысына қатысты:
- жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5 шаршы метр су айнасын есептей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
4) СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
5) Компьютерлік клубтардың жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты қамтамасыз ете отырып немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, 50% аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып рұқсат ету. Тек 18 және одан жоғары жастағы адамдарға рұқсат етіледі;
6) Боулинг орталықтарының жұмысын, тек қана «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір уақытта бір ойын жолында 6 адамнан аспайтын қатысумен, 50% аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс режимін сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін белгілеумен рұқсат ету. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
Өткен тәулікте бас қалада 143 адамнан коронавирус анықталды. Елорда «қызыл аймаққа» өтті.