Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Ауыл шаруашылығы - Қытай мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Сапалы астық, ұн мен май өндіретін Қазақстан Аспан асты елінің негізгі серіктесі болып қала береді. Бұл туралы қытайлық «Айцзюй» компаниясының өкілдері айтты. Олар он жылдан бері қазақстандық шаруалармен бірлескен жобаларды дамытып келеді.

Чжипин Лю, «Айцзюй» компаниясы бас директорының орынбасары:

- Біз қазір күнбағыс майын өндіру үшін Қазақстаннан шикізат импорттаймыз. Сіздердің елдеріңізден негізінен күнбағыс, рапс, зығыр майы үшін шикізат, сондай-ақ астық аламыз. Жеткізу елдің солтүстігінен, Қостанай және Ақмола облыстарынан келеді. Бізде қазақстандық шикізаттан май өндіру үлесі шамамен 50-60% -ды құрайды. Ал бұл жыл сайын 2-3 млн тоннаға жуық таза өнімді құрайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?