Биыл Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялар 10 трлн теңгеге жуықтады

Биыл Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялар 10 трлн теңгеге жуықтады

Қазақстанда биылдың жеті айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 10 трлн теңгеге жуықтады. Бұл былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% артық. Бұл жөннінде еліміздің Үкіметі мәлімдеді. Инвестициялардың негізгі үлесі тау-кен өнеркәсібі жылжымайтын мүлік, көлік және қоймалау, білім беру, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау сияқты салаларға тиесілі. Айта кетейік, елде Президент тапсырмасымен 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың мақсаты – негізгі капиталға инвестиция деңгейін ЖІӨ-нің 23%-ына дейін, сыртқы салымдар үлесін 30% дейін арттыру. Сондай-ақ, осы аралықта 150 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту межеленген. Бүгінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға жалпы құны 76 трлн теңгеден асатын 1 100 инвестициялық жоба жүктелген. Осы жылы оның ішіндегі 5,6 трлн теңге болатын 413 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?