Қазақстанда сауда рәсімдерін жеңілдететін ақпарат порталы жұмысын бастады

Қазақстанда сауда рәсімдерін жеңілдететін ақпарат порталы жұмысын бастады

Қазақстанда бизнес үшін сауда рәсімдерін жеңілдететін tradeinfo.kz ақпарат порталы жұмысын бастады. Жаңа онлайн-платформа трансшекаралық сауда рәсімдері туралы ақпаратты ұсынып, оны бизнес үшін қолжетімді етеді. Портал Ready4Trade-Орталық Азия жобасы аясында іске қосылды. Онда барлық импорттық, экспорттық және транзиттік шарттылықтар, қажетті құжаттар, нысандар мен рәсімдер егжей-тегжей сипатталған. Қазір порталда 50-ден астам тауарға арналған рәсімдер баяндалған. Бұл жоба әсіресе шикізаттық емес сектордағы шағын және орта бизнеске үлкен көмек болады, дейді үйлестірушілер. 

Нұрлан Құлбатыров, жобаны үйлестіруші:

– «Егер сіз ұн өндіруші компания өзіңіздің бірінші экспорттық операцияңызды жүргізігіңіз келсе, осы порталға кіріп, экспорт немесе импорт, транзин үш түрлі форманың біреуін таңдап, одан кейін қажетті тауар түрін таңдап, басып, ішіндегі қандай құжаттар экспорттан бастап елден шыққанға дейінгі барлық құжаттардың тізбегі шығады. Құжаттың үлгісі, қанша төленуі керек және неше күнде ол құжатты алатындығы көрсетіледі».