Бұл туралы «Kazakh Invest» хабарлайды. Қазір елімізде Қытай капиталының қатысуымен бір жарым мыңнан астам кәсіпорын бар. Екі ел аймақтарының өзара іс-қимылының арқасында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсуде. Ауыл шаруашылығы, туризм, өнеркәсіп, био және цифрлық экономика, жаңартылатын энергия салаларында әріптестікті тереңдетудің үлкен перспективалары байқалады.