1 шілдеден бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келеді. Дегенмен ұшу сапарының өз талаптары бар. Қазақстандағы Қытай елшілігінің хабарлауынша, енді ұшуға дейін 48 сағат ішінде екі ПТР сынамасын тапсыру керек. Екіншісі ұшудан 24 сағат бұрын тапсырылуы шарт. ПТР-тест Елшілік пен Бас консулдық белгілеген екі зертханада жүргізілуі керек. Бұған қоса ұшудан 12 сағат бұрын тапсырылған қосымша антиген сынамасы сұралады. «Көгілдір денсаулық коды» мен антиген сынағы анықтамасынсыз жолаушылар рейске жіберілмейді. Осыған орай, Қытайға ұшпас бұрын жолаушыларға Қазақстанда 10 күн оқшауланып, денсаулығын өз бетінше бақылау ұсынылады.