Қазақстан мен Чехия ынтымақтастығы кеңейеді

Қазақстан мен Чехия ынтымақтастығы кеңейеді

Қазақстан мен Чехия ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Бұл ретте қос тарап энергетика саласын әртараптандыруға басымдық бермек. Әсіресе жаңартылатын энергия көздерін бірлесіп дамытуға бейілді. Чехияның Сыртқы істер министрі «Silk Way» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында осылай мәлімдеді. Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бірі бізбен ірі өндірістік жобаларды жүзеге асыруға мүдделік танытып отыр. Қазірдің өзінде аталған елден ұшақтар жеткізілімі жолға қойылған. Қазақстан аумағында бірлескен көлік зауыты жұмыс істеп тұр. Өзара сауда қарқыны өсіп келеді.

Ян Липавский, Чехия Сыртқы істер министрі:

– Қазақстан біздің сыртқы саясатымызда маңызды рөл атқарады. Өзара экономикалық байланысымыз нығайып, қазір жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобалар саны өсіп келеді. Өзара сауда дами түсті. Былтыр арадағы тауар айналым 1,6 млрд еуроны құрады. Мен биыл бұл көрсеткішті асыра орындайтынымызға сенімдімін. Шын мәнінде ынтымақтастығымыздың аясы кеңейіп келеді. Түрлі бағыттағы жаңа мүмкіндіктерді саралау үшін арнайы келдім. Бұл ретте саяси диалогтың маңызы айрықша.  

Ян Липавский екі жақты гумманитарлық және ғылыми ынтымақтастықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді. Еске салайық, бұл елдің мамандары қазақ даласынан жойылып кеткен Преживальский жабайы жылқысының тұқымын қайта жаңғыртуға септесті. Биыл Еуропадан Қазақстанға қамбар ата төлінің алғашқы партиясы келді. Чехия сыртқы істер министірі бұл игі әріптестік жалғасатынын жеткізді.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?