Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 369 млн долларды құрады

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 369 млн долларды құрады

2022 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 369 млн долларды құрады. Алда қос тарап бұл көрсеткішті 1 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр. Осы мақсатқа жету үшін мемлекеттер өзара тиімді тауарлар мен қызметтерді жеткізуді ынталандыруға, ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен бірлескен жобаларды бірлесіп дайындауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас көлік-логистика саласы, Орта дәліз жобасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі қос тарап арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған шарада мәлімдеді.

Джахит Багджи, Түркияның Әзербайжандағы елшісі:

- Қазақстан Орталық Азиямен бірге Кавказда да маңызды рольге ие. Қазақстан елдерге маңызды энергия және астық экспорттаушылардың бірі, сонымен қатар Түркия мен Әзербайжан қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілуіне де көп үлес қосты. Біз Қазақстанмен байланысымыздың жан-жақты дамуын жоғары бағалаймыз. Бізге бірінші кезекте аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық маңызды. Ең бастысы, ортаңғы дәліздегі стратегиялық орналасу. Шығыстан барлық жолдар Қазақстан арқылы Әзербайжан-Түркиядан Батысқа өтеді. Бұл жол арқылы азық-түлік, энергетика, мұнай мен газ тасымалданады.