Қазақстан мен Әзербайжан транзиттік-көліктік әлеуетті дамытуға ниетті. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының мүмкіндіктері кеңінен қолданылмақ. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қос тараптың ведомство өкілдері ағымдағы жылғы жүк тасымалы көлемінің болжамдарын, темір жол учаскелері мен Каспий теңізінің өткізу қабілетін, сондай-ақ қосымша ағындарды қайта бағдарлау шарттарын талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық экспорттаушылар Транскаспий көлік дәлізі арқылы 2 млн тонна отандық өнімді жөнелтуге дайын. Сондай-ақ Қазақстан тарапы әзербайжандық әріптестеріне халықаралық бағыт бойынша автокөлікпен жүк тасымалын бірлесіп дамытуды ұсынды. Сонымен қатар тараптар бірлескен кәсіпорын құру арқылы тарифтерді белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдерді қолдануға және транзиттік жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыруға дайын.