Тарихи отанына оралғандардың тең жартысы Өзбекстаннан. Сонымен қатар Қазақстанға Қытай, Ресей, Түрікменстан, Моңғолия және өзге де елдерден келгендер бар. Олардың басым бөлігі Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларына қоныстаған. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейіне келер болсақ, 20%-тен сәл астамы жоғары, 41% жуығы орта кәсіби, 35%-тен көбі жалпы орта және шамамен 4%-інде білімі жоқ. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 100 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.