Ауған тарапы жергілікті кәсіпкерлерге өзінің сауда-экономикалық және
инвестициялық әлеуетін паш етті. Қазір бұл ел энергетика, автомобиль
жолдары мен теміржол құрылысы, телекоммуникация салаларына инвестиция тартуға
мүдделі. Ауғанстан өкілдерінің айтуынша, ел билігі инвесторларға тартымды
жағдайлар мен түрлі артықшылықтар беруге дайын. Мәселен, өңдеу секторы және
тау-кен өнеркәсібінде техника сатып алуға салынатын салықтан босатылады. Табыс
салығы бойынша да жеңілдіктер ала алады. Айта кетейік, былтыр өзара тауар
айналымы шамамен 1 млрд долларды құрады. Ауғанстан қазақстандық ұнды
импорттаушы елдер қатарында көш бастап келеді және отандық брендтердің өсімдік
майын ең ірі тұтынушыларының бестігіне кіреді.
Сауда министрлігінің дерегінше, бүгінде ел аумағында 5 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Ауғанстанның Герат қаласында биыл Қазақстанның сауда үйі ашылды.
Еске салайық, бүгін елордада қазақстан-ауған бизнес форумы өз
жұмысын бастады.