Қазақстанда онлайн-банкинг қызметін пайдалану 60% өсті

Қазақстанда онлайн-банкинг қызметін пайдалану 60% өсті

Қазақстандықтардың көп бөлігі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолын құп көреді. Елде соңғы 5 жылда онлайн-банкинг, яғни қаржы институтарының қызметін қашықтан пайдалану көрсеткіші 60% өскен. Ranking.kz порталы сарапшыларының пікірінше, бұл ең алдымен қажылық технологиялардың дамуымен тікелей байланысты. Ішкі нарықтағы компаниялардың дені қазір бар үрдісті автоматтандырып, қызметтері мен төл өнімдерін онлайн ұсынуға көшкен. Тұтынушыларға да қаржыны шешіп әлек болғаннан гөрі қажеттісін онлайн-банкинг арқылы жүзеге асыру тиімдірек. Уақыт пен жол машақатын шешумен қатар, бонустар мен арнайы ұсыныстар беріледі. Бүгінде әрбір азамат кемінде 4 онлайн жүйенің қызметін кәдесіне жаратып жүр.

Сергей Домнин, экономист:

- Онлайн-банкинг қызметін пайдаланушылар санының артуы орынды жағдай, себебі бұл – заман талабы. Бұл бүгінде барлық үрдісті сандық жүйеге келтірудің аясында орын алып отырғаны белгілі. Себебі қандай да бір секторды алып қарасақ та, цифрландыруға көшу кешенді түрде қолға алынған. Қазір мобильді қызметті, оның ішінде кеңжолақты интернет желісін пайдаланатын адамдардың қатары артып келеді. Бұл – өте маңызды көрсеткіш. Былтырдың соңында ондай адамдардың саны 17 миллионға жуықтаған. Сондықтан цифрландырудың маңызы зор және қажеттілігі күннен күнге артатыны сөзсіз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов