Ислам даму банкі Қазақстанда су шаруашылығы жобаларын қаржыландырады

Ислам даму банкі Қазақстанда су шаруашылығы жобаларын қаржыландырады

Ислам даму банкі Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын қаржыландырады. Алғашқы транштар биыл іске асырылмақ. Бұл жөнінде Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Сауд Арабиясының ИДБ тобының президенті Мұхаммед Әл-Джассермен кездесуде белгілі болды.

Инвестициялар еліміздегі су қоймаларын, гидротехникалық құрылыстар мен ирригациялық жүйелерді салу әрі жаңғырту сынды іс-шараларға жұмсалмақ. Сондай-ақ жобалардың техникалық құрамдас бөлігін дайындауға гранттар бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Еске салайық, Қазақстанда қаржы институтының  қатысуымен жалпы құны шамамен 1,8 млрд доллардың 67 жобасы іске асырылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?