Алматыда Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері қаралды

Алматыда Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері қаралды

Алматыда Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері қаралды. БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы, сондай-ақ ЮНЕСКО сарапшылары сирек кездесетін өсімдік және жанаурлар дүниесін қорғау проблемаларын талқылады. Табиғат сақшыларын су тапшылығы алаңдатып отыр. Жер тозып барады. Мәселен, Қазақстан аумағының тек 5% ғана орманды алқап алып жатыр. Ғалымдар елді көгалдандыру үшін жабайы көшеттер егудің маңызын айтты. Бұл ретте Сиверс алма ағашының көмегі мол болмақ. Бұл жасыл желектер шөлейтті аймақтарға тез бейімделіп, жайқалып өседі.


Тимур Турдиев, Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институтының жетекші ғылыми қызметкері:


- Бүгінде осы жабайы алма ағаштарының табиғи популяциясы өсетін резерваттың 50-60% қалпына келтірілуде. Сиверс тұқымын тарихи отанында жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Тамыр жүйесі дұрыс жетілуі үшін оларды жабық түрде өсіретін арнайы зертханалар ашылды.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бағытында бірқатар жоба сәтті жүзеге асты. Бүгінде елімізде жойылып кету қаупі жоғары болған қар барысы мен киіктердің саны артты. Дала жауһарларының қалпына келуіне жаңа қорықтардың ашылуы сеп болды. Енді оларда «Сигма» мобильді кешенін жаппай ендіру көзделген. Жүйе орман өрттерімен күресте кәдеге жаратылмақ. Ол жасанды интеллекттің көмегімен оттың таралу аумағын болжап, тілсіз жауды ауыздықтау үшін  қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?