Қазақстан гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштерін жақсартты

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштерін жақсартты

Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында келтірілген мәліметтерге сәйкес, еліміз жаһандық рейтингте әлемнің 146 елі арасында 80-орыннан 65-орынға көтерілді. Сарапшылардың айтуынша,  бұл көрсеткіштерге еліміз мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында қол жеткізді. Ал, қазіргі 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бұл көрсеткіштерді одан әрі жақсарта түспек. Осылайша, алдағы сегіз жылда Қазақстанда орташа жалақы айырмашылығын 21%-ке дейін қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін арттыру жоспарланып отыр. Айта кетейік, теңдіктің жиынтық көрсеткіші бойынша бойынша Қазақстан Словакия, Моңғолия, Чехия, Польша және Армения елдерінен алда тұр.  Ал, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде республика 4-ші орында.