Қазақ халқының кестелеу өнерін «ұлттық бренд» ретінде әлемге таныту. Ұмыт бола бастаған кесте тігу өнерін қайта түлетіп, замануи көркем өнермен ұштастырған жан. Гүлназым Өмірзақ төзімді, қажырлықты талап ететін өнер түрін – «біз кесте» әдісін жанына серік еткен. Халқымыздың тектілігін өнер арқылы барша әлемге паш етуді мақсат еткен қолөнер шебері кестені қазіргі заманға сай етіп панно ретінде түсірген. Гүлназымның біз кесте техникасында орындалған туындыларының басқа қылқалам шеберлерінен ерекшелігі - қазақтың кесте өнерін суретшілікпен біріктіруінде. Кестелеуде Гүлназым қанық түсті абстракциялы суреттерді салумен айналысады. Дегенмен оның барлық суреттерінде әйел адамның тұлғасы бейнеленеді. Он саусағынан өнер тамған шебер кесте тігумен қатар, майлы бояулармен де картиналар жасайды. Бүгінгі таңда өз өнерімен аты алты алашқа ғана емес, әлемге мәшһүр болған бұрымдының туындылары Лондон, Люксембург сияқты қалалардың, сондай-ақ Германия, Франция, Түркия, Ресей елдерінің өнер галереяларының төрінен орын алған.
Гүлназым Өмірзақ, қолөнерші:
-Біз кесте өнері
сондай бір адамның жанын тыныштандыратын керемет өнер. Өйткені бұл байырғы
өнер, әжелерімізің көзі, бізге мұра болып қалған. Біз осы мұраны заманына сай
ары қарай жаңа стильде, жаңа бағытта дамытуымыз керек. Тіпті көп арнайы
шетелдік ханымдардың өздері үйренгісі келіп, үйреніп жатқандар бар. Өйткені бұл
өте күрделі, өте қызықты сондай бір тылсым өнер деуге де болады.