Қазақстан газ химиясы саласындағы халықаралық серіктестікті күшейтеді

Қазақстан газ химиясы саласындағы халықаралық серіктестікті күшейтеді

Қазақстан газ химиясы саласындағы халықаралық серіктестікті күшейтпек. Осы мақсатта ел Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products басшылығымен кездесті. Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және газ химиясы саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру әлеуетін талқылады. Бүгінде  Air Products газ индустриясының жаһандық көшбасшысына айналған. Компания әлемнің 50-ден астам елінде табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанмен де әріптестікті кеңейтіп, экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауаптыларға ортақ бастамаларды әзірлеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?