2022 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанның басқа елдермен тауар айналымы 18 миллиард доллардан асты. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының мәліметінше, былтыр дәл осы кезеңде еліміз небәрі 12 миллиард доллар табыс тапқан. Онымен қоса Республикада қаңтар-ақпан айларындағы экспорт көлемі шамамен 71,5 процентке өсіп, 12 миллиардтан астам долларды құраған. Мұндай көрсеткіш мұнай, ферроқорытпа, уран, мыс, мырыш, табиғи газ, ұн және басқа да өнім экспортының айтарлықтай артуына байланысты тіркелді.