Қазақстанның кедендік инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Бұл туралы үкіметте өткен кеңесте айтылды. Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекеті жарақтандырылуда. Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайып, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесі де пысықталатын болады.