COVID-19 пандемиясы білім беру жүйесін бұрын-соңды болмаған іркіліске әкелді. «Ranking» агенттігінің хабарлауынша, бұл бүкіл әлемде 1,5 миллиардтан астам оқушыға әсер еткен. Оның қатарында Қазақстан да бар. Сонымен қатар рейтинг агенттігінің мәліметтері бойынша, біздің ел оқушыларды қашықтан оқытудың ұзақтығы бойынша 1-орынға жайғасты. Республика оқушылары 11 ай қашықтан оқыды. Бұл – Еуропа мен ЕАЭО елдеріне қарағанда ұзағырақ көрсеткіш. Мамандар мұндай ұзақ уақыт «онлайн» болу бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 98,3% жеткен жақсы ғаламтормен қамтудың арқасында іске асқанын айтады.
Авторы: Гүлбану Тәжібек