Рухы биік саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл – тұтас мемлекет келешегінің мәселесі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.
Оның айтуынша, еліміздегі NEET санатындағы, яғни түрлі жағдайларға байланысты жұмыс істемейтін немесе білім алмаған жастарды қолдауға күш жұмсалады. Қазір еріктілер қозғалысын дамытуға арналған жол картасы мен қайырымдылықты жетілдіруге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жас буын қалыптастыру үшін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы негізге алынбақ.
АИДА БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
- Ал бұл болашақ бүгінгі ұрпақтан басталады. Сондықтан біз «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыты ретінде бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәрбиелеудің маңызы ерекше екендігін атап өтеміз. Осы орайда, қазіргі таңда барлық қызығушы тараптардың қатысуымен әзірленген мeктeпкe дeйiнгі жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-адaмгepшiлiкке тәpбиeлeу стратегиясын алдағы Ұлттық комиссия отырысына шығарып, іске асыруға барлық күш-жігерімізді саламыз.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы 2022 жылы БАҚ туралы жаң қабылдау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ шекара маңындағы аумақтарда мемлекеттік радиохабар тарату желісін дамыту бойынша Жол картасы әзірленіп, қазір осыған қатысты Радиожиіліктерге тиісті конкурс жарияланғанын айтты.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов