Еске салайық, дүбірлі додада қазақстандық Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай топ жарып, 4 бірдей алтын медальды еншіледі. Ал Дулат Бекбауов күміс медальға қол жеткізді. Жалпы есепте Қазақстан Құрамасы екінші орыннан көрінді.
Айта кетейік, Қазақстан 1993 жылдан бері егемен ел ретінде осымен 16-шы рет әлем чемпионатына қатысқан. Қазір еншімізде 18 алтын, 16 күміс, 22 қола жүлде бар. Осының арқасында жалпы әлем чемпионаты тарихындағы медаль есебінде Қазақстан АҚШ-ты басып озып, 3-орынға көтерілді. Бірінші орынға - Куба, ал екіншіге Ресей жайғасқан.