Елордада «SATISFACION FESTIVAL ASTANA-2023» музыкалық фестивалі өтті

Елордада «SATISFACION FESTIVAL ASTANA-2023» музыкалық фестивалі өтті

Бұл ТМД аумағында креативті туризм бағытында ұйымдастырылатын  дәстүрлі ауқымды шаралардың бірі. Бұл жолы Джон Ньюман, Минелли, Адам Клей сынды әлемге танымал хедлайнерлер өнер көрсетті. Былтыр 8 мыңнан астам адамды жиған ашық аспан  астындағы фестивалдің биыл 10 мыңға тарта қонағы болды. Оған қазақстандықтармен қатар Орталық Азия және Еуропа елдерінен көптеген турист келді. Басты мақсат - Қазақстанды саяхатшылар үшін тартымды ете түсіп, сала әлеуеті мен  туристік ағынды арттыру.

 

Акжол Сырттанбеков, «Kazakh Tourism» ҰК»  депаратамент менеджері:

- Бұл фестивальдің басты ерекшелігі мұнда гастономиялық алаңдар құрылды. Ол жерде біз отандық өнімдер, яғни ұлттық асханамыздың дәстүрлі тағамдарын ұсынамыз. Көбі отбасымен, бала-шағасымен келіп, уақыттарын көңілді өткізе алады. Сондай-ақ, бұл жолы біз бағдарламаға қазақстандық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің жәрменкесін қостық. Бұған қоса,  отандық дизайнерлер, сән үйлері өкілдерінің туындыларын тамашалауға болады. Шара концертпен шектелмейді. Осылайша, біз Қазақстанның креативті туризм бағытын дамытқымыз келеді. 

 Адам Клей, әнші, продюсер /Италия/

-  Мен астанаға алғаш рет келдім. Екі күн бойы қаламен таныстым. Маған бәрі ұнады. Өте әдемі, жылы, мәдениетті адамдар өмір сүретінін көрдім. Өте қызықты саяхат болды. + Қаланың құрылысы таңқалдырды. Ескі мен жаңа, бүгін мен болашақ жақсы үйлесім тапқан. Өте әсерлі көрінеді. Мен бұл жерге тағы бір мәрте келіп, асықпай қызықтағым келеді.