Қазақстан мен Иран кәсіпкерлері жалпы құны 1 млрд доллардың құжаттарына қол қойды

Қазақстан мен Иран кәсіпкерлері жалпы құны 1 млрд доллардың құжаттарына қол қойды

Қазақстан Иранға жыл сайын 100 мың тонна өсімдік майын экспорттайды. Екі елдің сауда палаталары арасында бекітіген келісім Астанада қос тараптың бизнес форумы аясында жасалды. Қазір Парсы шығанағында бұл өнімге сұраныс жоғары. Иранның өзі бірден 300 мың тонна май сатып алуға дайын отыр. Бұған қоса Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы мен Иранның Сауда-өнеркәсіп палатасы транспорттық дәліз құру туралы келісті. Енді экспорттық тауарлар осы бағыт арқылы тасымалданады. Сондай-ақ тараптар Батыс Қазақстан облысында мал терісін өңдейтін комбинат, Алматыда сүт өңдеу зауытын, Қарағанды облысында мыс өндіруге уағдаласты. Жалпы іскерлік жиын барысында қос ел кәсіпкерлері өзара жалпы құны 1 млдр доллардың құжаттарына қол қойды.

Айтмұханбет Алдажаров, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры:

- Біздің мақсат май жеткізуде әлемдік үздік үштікке кіру. Экспорттық өнім 1 млрд долларға дейін табыс әкелуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш шамамен 560 млн долларды құрайды.

Камран Хушьяр, Халықаралық көлік-логистикалық компанияның бас директоры:

- Біз өзіміздің вагондарымызды сатып алдық. Біз кез келген өнімді осы вагондар арқылы Иранның Вандар Аббас портына жеткіземіз. Ол жақтан контейнерге тиеп, Африкаға да, Индонезия, Шри-Ланка, Парсы шығанағына да жеткіземіз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?