Ел экономикасы артуда

Ел экономикасы артуда

Биылғы жылдың 10 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 117 млрд долларды құрады. Бұл ретте экспорт АҚШ валютасында 68,5 млрд-қа жетті, оның ішінде өңделген тауарлар көлемі 23 млрд-ты астам. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі хабарлады. Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде өсімнің оң қарқыны сақталуда.  Ол негізінен металлургия мен машина жасаудағы өндірістің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте кәсіпорынның өнім көлемі бірден 14 өңірде өсті. Өңдеу өнеркәсібінен басқа құрылыс саласы да дамып келеді. Жоғары көрсеткіштер Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғырту жөніндегі төрт ауқымды бастамасын іске асырудың арқасында жүзеге асырылды. Тұтастай алғанда, қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға тартылған инвестициялар өсті. Ол 3%-тен астамды құрады.


Нұрлан Байбазаров, ҚР ұлттық экономика министрі:

- Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ке өсті. Инвестицияның ең жоғары өсуі шикізаттық емес салаларда байқалады. Инвестиция көлемі білім беруде 2,2 есеге, ғылыми және техникалық қызметте – 42,1%-ке, көлікте қызметтерінде – 27,2%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 18%-ке өсті. Үздік көрсеткіштер Қарағанды, Жетісу, Павлодар, Түркістан, Алматы облыстарында байқалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?