Қазақстан айға арналған телескопты жасалады

Қазақстан айға арналған телескопты жасалады

Қазақстан ең өршіл жоба - айға жақын алғашқы телескопты жасауға кірісті. Оны құру үшін үш жыл уақыт керек, дейді ғалымдар. Әзірге дизайн әзірлеу, өлшемін белгілеу, болашақ телескоп жасалатын материалдың таңдалуы сынды жұмыстың бастапқы сатысы талқылануда. Жобаны астрофизикалық зерттеулер институты мен Ghalam компаниясы жүзеге асырады. Айта кетейік, отандық телескоп орбитаны және соқтығысу қаупін бақылай алады. Қытай елімен бірлескен жобаны іске қосу 2030 жылға жоспарланған.


Рашит Валиуллин, «В.Г. Фесенкова атындағы астрофизикалық институты» ҒЗИ директорының орынбасары:

- Бұл Қытай елімен бірлескен жоба, олардың тасымалдағышында қосымша жүк ретінде біздің телескоп орналасуы мүмкін, әдетте халықаралық тәжірибеде жұмыс осылай жүзеге асырылады. Телескопты Жердің төңірегіндегі орбитаға ғана емес, Айдың төңірегіндегі орбитаға жіберу керек.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?