78 қазақстандық компания Қытайға өнім жеткізе алады

78 қазақстандық компания Қытайға өнім жеткізе алады

Тағы 78 қазақстандық компания Қытайға өнім жеткізе алады. Еліміздің өсімдік шаруашылығы кәсіпорындары ҚХР Бас кеден басқармасының аккредитациясынан сәтті өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің аспан асты елінің нарығына қолжетімділігін кеңейту мақсатында арнайы уақытша жұмыс тобы құрылды. Оның отырысы өткен жылдың соңында және осы жылдың басында өтті. Алғашқы отырыста қытай тарапы отандық қант қызылшасының сығындысын, құс етін экспорттау бойынша хаттамалар жобаларына, сондай-ақ союға арналған ірі қара мал мен оның терісіне арналған ветеринариялық сертификаттарға ұсыныстар мен түсініктемелер енгізді. Сондай-ақ, бейінді ведомство Қазақстанның ветеринарлық және фитосанитарлық қызметкерлерін оқыту туралы сауал жолдады. Бұл оқыту қазақстандық мамандардың Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын экспорттық талаптарының ерекшеліктері туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс тобының екінші отырысында Қытай елінің өкілдері жылқы етінің импортына қызығушылық танытты. Олардың айтуынша, тиісті рәсімдерді жеделдету қажет. Тараптар келіссөздерінің келесі раунды алдағы айда өтеді деп күтілуде.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?