Қазақстанның жаңа саяси модельге өту бағытындағы реформалары Ұлыбритания парламентшілерімен кездесуде талқыланды. Лордтар палатасының өкілдері еліміздің суперпрезиденттік басқару жүйесінен мықты президенттік-парламенттік түріне өту бастамалары бойынша ойларын ортаға салды. Олар Қазақстанда болып жатқан демократизациялау үдерістері екіжақты байланысты жаңа сапалық деңгейге көтеретінін жеткізді. Жиын қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында өтті.
Лорд Фрэнсис Мод, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі:
– Мен соңғы жеті жыл көлемінде Қазақстанға бірнеше рет барып, даму үдерістерінің куәсі болдым. Реформалар орнатуға ұмтылысын өз көзіммен көрдім. Ең басты мәселе ол - заң үстемдігі. Біз Қазақстанның табысты болғанын көргіміз келеді.
Сэр Грэм Стюарт Брэди, Ұлыбритания Парламентінің мүшесі:
– Мен Қазақстан достарының қатарына енді қосылып жатырмын. Бүгін елдеріңіз туралы жаңа ақпаратпен танысуға зор мүмкіндік алдым. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуда өз үлесімді қосуға ниеттімін.