Әскери кемелер мен қайықтар қарт Каспийдің толқынында. Қазақстан теңіз қақпасының жағасында - Ақтауда кемелердің салтанатты шеруі өтті. Шара қала күні мен Қазақстан армиясының 30 жылдығына орайластырылды. Зымыран-артиллериялық және шекаралық кемелерінің экипажы палубада сапқа тұрды. Ал Еліміздің Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы концерт өткізді. Әрі қарай артистер өз өнерлерін басқа өңірлерде жалғастыратынын айта кеткен жөн.