Компания онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу тәсілдері мен тұжырымдамаларын ұсынуды жоспарлап отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен кәсіпорынның Ресей және ТМД-дағы бас директоры Елена Легезина аталған құрылымның Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын талқылады. Оның айтуынша, әлемдік өндіруші Астана мен Алматы қалаларында екі академия ашуды жоспарлап отыр. Мұнда қазақстандық мамандар құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай, емдеудің жаңа әдістерін де меңгереді. Өз кезегінде Премьер-министр Қазақстан Үкіметі жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолдайтынын атап өтті. 2025 жылға қарай отандық фармацевтикалық өндірістің, оның ішінде жоғары сұранысқа ие медициналық техникалар өндірісінің үлесін 50%-ке дейін арттыру жоспарлануда.
Сондай-ақ ұлттық жобалар аясында шамамен 700 жаңа медициналық нысанның құрылысы мен қайта жарақтандыру жұмысы алға қойылған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы келісімді әзірлеуге келісті.