Қазақстан 3 ғарыш аппаратының экспортынан 75 млн долларға дейін табыс көреді

Қазақстан 3 ғарыш аппаратының экспортынан 75 млн долларға дейін табыс көреді

Қазақстан жасап жатқан  6 ғарыш аппаратының үшеуінің экспортынан 75 млн долларға дейін табыс көреді. Оларды Нигерия, Конго мен Моңғолияға жеткізу көзделіп отыр. Жерді қашықтан зондтауға арналған алғашқы жерсеріктерді 2027-ші жылы ұшыру жоспарланған. Алматыда өткен Space Days Kazakhstan халықаралық форумында осындай жаңалықтар айтылды. Ол әлемнің 60 елінен 700 астам аэроғарыш саласы өкілдерінің басын қосты. Жиында спутниктерді бірлесіп пайдалану, тәжірибе алмасу және жобаларды дамытуға қатысты бірқатар меморандумға қол қойылды.

Қайыржан Қожаев, «Қазақстан ғарыш сапары «ҰК» АҚ басқарма төрағасы:


- Көптен күткен экспорт кезеңіне шығамыз. Компоненттеріміз борттық компьютер, энергиямен қамтамасыз ету жүйесі ретінде пайдаланылады. Қазіргі таңда қажетті қондырғылардың бір бөлігі әлі сатып алынуда. Бірақ дизайн, құрастыру, сынау, ұшыруға дайындық жұмыстарын біздің инженерлер жүргізеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?