«Ұлытау-түркі өркениетінің жерұйығы» атты сайысы өтті

«Ұлытау – түркі өркениетінің жерұйығы». Облыста осындай тақырыппен  «Жас архившілердің» 5-ші республикалық байқауы өтіп жатыр. Бұл шара сала мамандарының біліктілігін арттырып, жастардың архив ісіне қызығушылығын арттыру мақсатында 2 жылда бір өткізіледі.

Еліміз егемендік алып барлық сала тамырына қан жүгіргенде, архив ісі кенжелеп қалды. Ғимараттардың көбі типтік үлгіге сай келмейді. Қор ескіріп, материалдық-техникалық база жаңғыртуды қажет етеді. Мәселе, әсіресе, шалғайдағы аудандарда өзекті.

Әнуар Омар, Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
-Көшпелі халық болғандықтан тарихымызда құжаттарға өзіміздің терең тарихымызға бастайтын деректерге қол жеткізе алмай жатқан есеміз кетіп жүрген ұлтпыз  ғой біз.  Сондықтан да бұл архивтің маңыздылығы әсіресе біздің мемелекет үшін, біздің ұлт үшін тіпті өлшеусіз. Бұл кәдімгі мемлекеттің шекарасы тәрізді, мемлекеттің төл теңгесі сияқты, әнұран сияқты осындай деңгейде деп түсінемін мен.

Қазір ел бойынша архив саласында ілгерілеу байқалады. Мұрағаттағы құжаттар қалыпқа келтіріліп, цифрландыру ісі қарқын алды. Қағаз құжаттардың әлектрондық базасы құрылып жатыр.

Роза Карібжанова   ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары:      
-Қаншама құжат цифрландыру керек. Сондықтан ол өзі кезеңмен жүріп жатқан нәрсе. Цифрландыру елімізде дамып келе жатыр. Біз де қалып кетіп жатқан жоқпыз. Архив қашан болса да керек. Бірақ,оның формасы өзгереді. Цифрландырылады. Үйде отырып қандай да болса құжат алуға мүмкіндік жасалады.

Саладағы тағы бір мәселе - кадр тапшылығы. Әсіресе жастардың құлшынысы жоқ. Себебі жалақысы төмен.

Қаламқас Жұмабекова, «Сарыарқа» командасының жетекшісі:
-Біліктілік өзгертілгеннен кейін қазіргі таңда тарихшы, құқықтанушы  мамандары келіп бізде жұмысқа тұрады. Қазіргі таңда бізде қағаз, сонымен қатар электрондық құжаттардың айналымы жүргендіктен техниканы жастар жақсы білгендіктен, бізге программист мамандары келеді. Сондықтан ұжым жасарып жатыр.

4 өңірден келген жас архившілер екі күн көлемінде түрлі конкурстарға қатысып, тест тапсырады. Шығармашылық жағынан да сынға түседі. Жеңіске жеткен команда 2 жылдан соң өз өңірінде келесі бәсекені қабылдайтын болады.