АДБ Қазақстан экономикасының өсімін болжады

АДБ Қазақстан экономикасының өсімін болжады

Қазақстан экономикасы 2026 жылы 4,8%-ке өседі. Азия даму банкі көктемгі шолуында Қазақстан мен жалпы өңірдің болашағы туралы болжамын жариялады. Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектегі шығарылымда сарапшылар еліміздің Жалпы Ішкі Өнімінің өсу қарқыны 4,3% дейін бәсеңдейді деп күткен еді. Қаржы институтының баяндамасында әлемдік сауданың тұрақсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы орнықты делінген. Оны жинақталған резервтер, инвестициялар және қаржы секторының тұрақтылығы тәрізді бірқатар факторлар қамтамасыз етіп отыр.

Санжар Қалдаров, Азия Даму Банкінің экономикалық талдаушысы:

- Қазақстан энергия ресурстарын экспорттаушы ретінде негізінен еуропалық нарықтарға бағдарланған, тиісінше, бұл жаһандық жеткізу тізбегіндегі қазіргі іркілістердің тікелей әсерінен қорғайды. 2025 жылы экономиканың 6,5% деңгейінде рекордтық өсімі тіркелді. Сол себепті, Ұлттық қорда және алтын-валюта резервтерінде қаражат жинақталды. Қаржы секторы тұрақтылығын сақтап отыр. Тұтастай алғанда Қазақстанның даму басымдығы шикізаттық емес салаларға қарай бағытталады. Бұл бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету секторы және құрылыс. Оның ішінде мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалатын салымдар есебінен де даму көзделген. Осылайша, әлемдегі сын-қатерлер мен жалпы экономиканың баяулауына қарамастан, Қазақстан өз орнықтылығын сақтайды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?