Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін түркі әлемі мен әлемдік қауымдастыққа интеграциялауға мүмкіндік береді. Белгілі түрколог Юлая Шамильоглуның айтуынша, бұл шетел азаматтарына қазақ тілін үйренуді жеңілдетеді.
Юлай Шамильоглу, профессор, «Назарбаев Университеті» Қазақ тілі және түркі зерттеулері кафедрасының меңгерушісі:
- Қазақстанға Түркиядан, Еуропадан, АҚШ-тан келетін туристер немесе бизнесмендер болсын, сондай-ақ Назарбаев Университеті сияқты оқу орындарының студенттері арасында кириллицаны бәрі бірдей біле бермейді. Ол әліпбиді үйрену үшін біраз уақыт қажет деп ойлаймын. Сондықтан реформаның маңызды себептерінің бірі – Қазақстанға келуді және Қазақстанда бизнес жүргізуді жеңілдету, сондай-ақ республика үшін өз бизнесін әлемдік қоғамдастыққа интеграциялау мүмкіндігінде деп ойлаймын.
Америкалық Ракель Рейнагул Қазақстанда ағылшын тілінен сабақ береді. Осыдан екі жыл бұрын маман қазақ тілін үйрене бастаған. Біздің ана тіліміз – оның орыс және корей тілдерінен кейінгі үйреніп жүрген үшінші шет тілі. Қазір ол орта деңгейге жеткен. 26 жастағы блогер өзінің жетістіктерімен Youtube каналында бөліседі.
«Қазақстан латын әліпбиіне неғұрлым тезірек көшсе, соғұрлым жақсы болар еді», деп есептейді Ракель. Бүгінде ғаламтордың қарқынды дамуын ескерсек, бұл қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдіктер үшін пайдалы көмек болмақ.
Ракель Рейнагул, мұғалім, блогер:
- Шын мәнінде ғаламторда көптеген адам латын әліпбиін пернетақтаның арқасында көп қолданады. Сондықтан латын әліпбиіне көшу оңай болады деп ойлаймын. Қазақстан латын әліпбиіне неғұрлым тезірек көшсе, соғұрлым жақсы болар еді.
Авторы: Ақзер Сегізбай