Қазақстан 12 млн тоннадан астам астық экспорттауға дайын

Қазақстан 12 млн тоннадан астам астық экспорттауға дайын

Қазақстан биыл 12 млн тоннадан астам астық экспорттауға дайын. Оның 7,5 млн тоннаға жуығы бидайдың үлесіне тиесілі. Сондай-ақ, майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Орталық Азия мен Ауғанстанға 4 млн тоннадан астам бидай жеткізіледі деп жоспарланған. Үкіметте астық жинау науқаны қорытындыланды. Республика биылғы орақта рекордты – 26,5 млн тонна астық бастырған. Жалпы ел бойынша ауыл шаруашылығының дақылдарын жинау алаңы 23 миллион гектардан асты.

Ендігі кезекте салалық ведомствалар алдында жиналған өнімді дәстүрлі нарықтарға жеткізуді қамтамасыз ету және жаңа нарықтар табу міндеті тұр. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанның Азия мен Қытайға бидай тасымалын 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндігі бар. Мәселен, былтыр аспан асты елі бізден астықты 538 мың тонна, яғни 15 есе көбірек импорттаған. Жаһандық сұраныстың артуына байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдері маңызды экспорттық нарық тізіміне еніп отыр. 

Қайрат Төребаев, ҚР Cауда және интеграция вице-министрі:

– Түркия мен Таяу Шығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттауға мүмкіндік бар. Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру маңызды, осыған орай сауда және логистика мәселелері шешілуде. Пәкістан, Индонезия, Бразилия және Малайзия нарықтарында қазақстандық бидай брендін ілгерілету жұмыстары жандандырылады. 

Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?