Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының музыканттары дәстүрлі әуендерді жаңғыртуда. Осыдан үш жыл бұрын олар 8 адамнан тұратын қазақтар мен хань ұлты өкілдерінен құралған топ ашқан болатын. Топтың атын «Нарат» деп атаған, бұл «күннің сәулесі туған жер» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі таңда топ жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, ұлттық әуеннен ләззат алу үшін арнайы келетін туристер арасында да танымал бола бастады. Топ жігіттері әуенге ерекше көрік беру үшін өз композицияларында халық аспаптарын пайдаланады. Жас музыканттар пандемия аяқталғаннан кейін гастрольдік сапарға баруды жоспарлап отыр.
Махзан Бейсемхан, «Нарат» тобының музыканты:
- Біз фольклорлық элементтері бар заманауи музыканы орындаймыз. Мақсатымыз – тарихымыз бен мәдениетімізді мүмкіндігінше көп адамға таныстыру.
Халем Алимджан, «Нарат» тобының музыканты:
- Концерт кезінде туристер музыка мен табиғаттың үйлесімін сезінеді. Менің ойымша, бұл – біздің шығармашылығымыздың басты мақсаты.