Қазақстандағы ахуал толығымен тұрақталды және құқықтық тәртіп қайта қалпына келді. Тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлім етті. Қазақстан Президенті жаңғыртылған ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздіктің барлық бағытын нығайту жөніндегі нақты шараларды кешіктірмей жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.