Елордада террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді

Елордада террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді. Ол 14 тәулікке енгізілді. Бұл туралы Лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері хабарлады. Олар азаматтардан құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, заңды талаптарды орындауды сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК елдің 14 аймағында жағдайды тұрақтандырып, террорлық қауіптің «қызыл» деңгейін алып тастағанын хабарлаған болатын. Алайда Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында лаңкестерге қарсы операция әлі жалғасып жатыр.