Астанада Жаңа - 2026 жылды қарсы алуға дайындық қыза түсті. Елорда кейпі түрленіп, мерекенің жақындағаны айқын сезіледі. Бас шаһар тұрғындары мен қонақтарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлау үшін көптің талғамына сай ойын-сауық орындары құрылуда. Орталық алаңдарда басты нышан әсем шыршалар бой түзеп, қысқы қалашықтар салынып, сырғанақтар мен мұз айдындары пайда болды. Көшелер сан түсті шамдармен сәнделіп, қала көркін аша түсті. Жалпы ел астанасын безендіріп, мерекеге әзірлік жұмыстарына 365 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, демеушілер де игі іске өз үлестерін қосуда.
Мирас Әбдірахман, Астана қаласының Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары:
- Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 40 тарта ойын сауық
орыны ұйымдастырылды. Қысқы қалашықтарда мерекелік шаралар өтеді. Әрқайсысында
орнатылған шыршалардың шамы жағылып, түрлі архитектуралық мүсіндер мен
сырғанақтар салынды. Сонымен қатар, қаланың
негізгі көшелері мен ғимараттардың қасбеттері мерекеге сай безендірілуде.

