Қазақстан мен Беларусь алдағы 5
жылға арналған өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жол
картасына қол қойды. Аталған құжат тараптардың бірлесе жүзеге асатын жобалар
пулын толықтыруға және іскер топтар арасында тығыз байланыс орнатуға
бағытталған. Қос елдің Премьер-Министрлері келіссөздерінің қорытындысы осындай.
Бұл ретте еске сала кетерлігі, Қазақстан мен Беларусь үкіметтері өнеркәсіп
кооперациясын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуде. Пулға жалпы құны шамамен 280
млн долларды құрайтын 14 жоба кіреді. Оның ішінде АҚШ валютасында 200 млн-нан астам
сомаға 11 бірлескен кәсіпорын іске қосылған. Бұл зауыттарда тракторлар, астық
және жемшөп жинайтын комбайндар, сондай-ақ тіркелмелі ауылшаруашылық
техникалары құрастырылады. Екіжақты сауда дамып, биыл 8 айда тауарайналым 600
млн долларға жетті. Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында өзара
іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына да қол қойды.
Жеңіс Ермұқанов