Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында мәлім етті. Оның айтуынша, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, Президент мандатын ұзақтығын шектеуді ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады.