Елдегі бизнес нысандарына келген шығын 92 млрд теңгеден асып кетті. ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жаппай тәртіпсіздіктер мен тонау кезінде отандық бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасын есептеп шығарды. Бұл шығын әлі де өсуі мүмкін. Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, еліміздің 10 өңірінде мыңнан астам зардап шеккен бизнес субъектілері анықталды. Олардың басым көпшілігі – Алматы қаласынан. Кәсіпкерлер палатасына әлі де қоңыраулар түсуде. Шағымданушылар банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері туралы айтуда.
Бүгінге дейін call-орталыққа 2 300-ден астам қоңырау келіп түскенін айта кеткен жөн.